«Балалар кітапханасы» жобасы аясында ұйымдастырылған «Демалыста кітап оқимыз» атты жалпы мектепішілік іс-шара – оқушылардың оқу мәдениетін қолдауға, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ерекше шара болды. Іс-шараның барысында оқушылар күзгі демалыс кезінде оқыған кітаптарын қысқаша баяндап, шығарманың мәнін, өздеріне әсер еткен сәттерін бөлісіп, бейнероликтер жасап жариялады.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды оқуға тарту, олардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып, шығармашылық қабілеттерін арттыру болды. Бейнероликтер арқылы әр оқушы өз пікірін еркін жеткізіп, достарымен кітап әлеміндегі жаңалықтарымен бөлісті. Сонымен қатар, өздеріне қызықты әрі пайдалы кітаптар таңдауға көмектесті.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың жан-жақты дамуына, олардың зияткерлік қабілеттерінің артуына ықпал етіп, білім алуға деген құштарлығын арттырады.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *